М.Әуезов ОҚМУ.

  • Подписчики: 61 подписчиков
  • ID: 81482193
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
m.auezoff

Описание

Тарихы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ірі жоғары оқу орны, ғылым орталығы және мәдени-гуманитарлық мекеме ретінде пайда болуы, қалыптасуы және кейінгі дамуы аймақтың өндіргіш күштерінің, оның экономикасының қарқынды өсуінің, соңғы он жылдықта өткен әлеуметтік және мәдени процесстердің объективті және адекваттық көрінісі болып табылады. Университет сертификациялық аудиттен өтіп, ИСО 9001:2000 және IQNet Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестілігі жөніндегі сапа сертификаттарын иеленді. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының барлық салаларына, ғылымы мен мәдениетіне арналған мамандар даярланады. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті республикамыздың жоғары білім беру саласының ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады. Үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарының жалпы рейтинг бойынша Қазақстандағы құрметті үшінші орынды және ұтып алған гранттар саны бойынша да үшінші орынды иеленіп отыр. Оңтүстік аймақта ОҚМУ - оқытушылар мен студенттер құрамындағы ғылым, спорт, музыка және шығармашылық жұлдыздар саны бойынша, сонымен бірге әлеуметтік-тәрбиелеу жұмысының жоғары деңгейі бойынша да сөзсіз көшбасшы. М.Әуезов атындағы ОҚМУ - көп салалы білім беру мекемесі. Ректордың бастамасы бойынша 2006 жылы ұйымдастыру-құрылымдық қайта құру өткізілді. Соның нәтижесінде оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбиелеу мәселелерін шешуде кең өкілеттіліктер берілген 10 институт құрылды. Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда. Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет iстейдi. ОҚМУ-да 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлері бойынша 20 мыңѓа жуық студенттер оқиды. Олардың ішінде 5265 студент - мемелекеттік грант бойынша оқиды. Университеттің материалдық-техникалық базасы өте бай, атап айтқанда қазіргі үлгідегі он оқу ғимараттарынан, алты студенттер жатаханасынан және екі спорт кешенінен тұрады. Университет барлығы 457 оқу, 130 лабораториялық аудиториялармен және 55 компьютерлік класстармен жабдықтал