_ninety one_

  • Подписчики: 108 подписчиков
  • ID: 124672743
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club124672743

Описание

Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") - JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мүшеден тұратын қазақстандық бойс-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ k-pop жанрынан бастау алып, q-pop (qazaq/қазақ-поп) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан. 2015: Айыптама әнімен дебют алуы Ninety one тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z. бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM-Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазанында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халыққа көрсетілді. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанды. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-албомы жарық көрді. 2016: Қайтадан 2016 жылдың 2 маусымында топтың «Қайтадан» өлеңіне кезекті бейнебаян жарыққа шықты. Қазіргі кезде бейнебаян Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде үздік атанып отыр. Осы жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында туған күндеріне орай жеке концерттерін берді. Топ атауы Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді. Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев сынды халық әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Az Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ көшбасшысы, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS" жобасының жеңімпазы. ALEM Батырхан Абайұлы Малік — топ вокалисті, 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай